Поэзия кеші

«Бизнес және құқық» факультетінің Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Жүректен шыққан сырлы сөз» атты поэзия кеші өтті. Студенттер өз шығармашылықтарын әр түрлі қырынан көрсетті. Сонымен қатар, талантты студенттеріміз өз жүректерінен шыққан жырларын айналаға жеткізе білді. Поэзия, ән-күй, сахналық қойылымдармен белсенді жастар көрермен көңілінен шықты.