2023 жылдың 6-қарашасында Үздіксіз білім беру институты «Management of learning in education» (білім берудегі оқытуды басқару) тақырыбында біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды. Мақсатты аудитория: әкімшілік-басқару персоналының басшылары және профессорлық-оқытушылық құрам. Курстың мақсаты: персоналды басқарудың заманауи технологиялары мен әдістерін үйрену.
Курс тренері Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігі Равенсборн Лондон университетінің PhD, қауымдастырылған профессоры Dababrata Chowdhury. Доктор Dababrata YESSENOV UNIVERSITY университетінің шетелдік серіктесі. Ұлыбритания, Түркия, Қазақстан университеттерінде көп жылдық оқыту тәжірибесі бар, менеджмент, бизнес, IT, коучинг бойынша сарапшы, оқытушылық, ғылыми-зерттеу және басқару қызметінде мол тәжірибесі бар.
«Management of learning in education» курсы тыңдаушыларға тұлғалық дамудың заманауи әдістері арқылы өзін-өзі жетілдіруге серпін алуға ықпал етеді, басқарушыға клиенттермен, серіктестермен және билікпен қарым-қатынас жасау стратегиясын, тактикасын және процесін барынша ұтымды тәсілмен шебер құруға көмектеседі, іскерлік коммуникацияның ерекшелігі туралы негізгі мәліметтер береді. Мұндай курстар менеджерлерге менеджменттің, стратегиялық жоспарлаудың және персоналды басқарудың тиімді әдістерін қолдана отырып, аналитикалық, есеп айырысу-нормативтік, консультациялық қызмет саласында кәсіби өсуге және құзыреттерді алуға мүмкіндік береді.
Курс слайд-презентациялармен және белсенді талқылаулармен бірге offline форматында өтеді.
Курс соңында оқу бағдарламасын сәтті меңгерген және қорытынды аттестаттаудан өткен қатысушыларға біліктілікті арттыру туралы сертификаттар беріледі.