Профессора Sheku Ahmed Fofanah-тың «Оқытудағы технологиялар мен инновациялар» тақырыбындағы курсы

2023 жылдың 6-желтоқсаннан бастап Yessenov University Үздіксіз білім беру институтында «Оқытудағы технологиялар мен инновациялар» тақырыбында профессорлық-оқытушылар біліктілігін арттыру курсы басталды. Курсты Лондондағы Bath Spa University келген шетелдік профессоры Sheku Ahmed Fofanah офлайн форматта жүргізеді.

Білім беруде инновациялық технологияларды қолдануға, оның көмегімен білім беру жүйесінің жаңа құралдары мен тәсілдері тартылған тетікке 40-тан астам тыңдаушы тілек білдірді.

Семинар мақсаты заманауи технологиялар мен жаңашыл инновациялардың оқытуда тиімділігі мен қолайлылығын сыни тұрғыдан ойлауға бағыттау.

Профессор Sheku Ahmed Fofanah курс барысында білім беру технологиялары жайлы зерттеп үйрену компоненттеріне шолу жасалды. Біріншіден, виртуалды оқыту ортасы ұғымымен таныстырып, оқытушылардан педагогикалық проблемаларды шешуде білім беру технологиясын қалай қолданатындықтары жөнінде пікір алмасты. Блум таксономиясына сәйкес негізделіп жасалған тапсырмалар тізімімен таныстырды.

Университеттің оқытушылары виртуалды оқыту ортасында өздері қолданатын тиімді цифрлық платформаларымен бөлісті. Ал,  Профессор Sheku Ahmed Fofanah олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталып, өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолданып жүрген Minerva, Turn-it-in сынды жаңа платформалармен таныстырды, сондай ақ олардың қызметі мен пайдалану ережелеріне шолу жасап, тиімділігін көрсетті. Осылайша, оқытушыларлың цифрлық білімдердін кеңейтуге мүмкіндік тудырды.

Курс соңында оқу бағдарламасын сәтті меңгерген және қорытынды аттестаттаудан өткен тыңдаушыларға біліктілікті арттыру туралы сертификаттар беріледі.