24 қазан күні Тарих кафедрасының ұйымдастыруымен Республика күніне арналған «Мәңгілік жаса, қыран елім» атты салтанатты ғылыми семинары өткізілді. Шара барысында Қазақстан мемлекетік әнұраны орындалып, Білім беру факультеті деканы Озғамбаева Райхан Өмірзаққызы және Тарих кафедрасының меңгерушісі, профессор Жаулин Киікбай Мыңбайұлы құттықтау сөз сөйледі. «Республика күні. Жаңғыру» атты көркем деректі фильм тамашалынды. Тарих кафедрасының доценті Нурманова Аягөз Қайырғалиқызы «Қазақстанның саяси құқықтық негіздері», тарих ғылымдарының кандидаты Китуглов Сәлім Базарбекұлы «Жаңғыруға ұмтылған жаңа Қазақстан», аға оқытушы Өтесова Гүлнар Екпінқызы «Егемендік декларация тәуелсіздік бастауы», тарих мамандығының 3 курс студенті Суйндик Аида Суйіндікқызы «Ұлттық жаңғыру кезіндегі Қазақстан мәдениеті» тақырыптарында баяндамаларын оқыды. Сонымен қатар студенттер өз өнерлерін ортаға паш етіп, мерекелік шара жоғары деңгейде өткізілді.