Білім және Мансап: Студент жолы

26 қазан күні Yessenov University-де жұмыс берушілермен «Білім және Мансап: Студент жолы» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Маңғыстау өңірінің білім беру ұйымдары және университеттің «Білім беру», «Туризм және тілдер», «Ғылым және технологиялар» факультеттері, мансап офисі қатысты.

Дөңгелек үстел барысында инновациялық білім беру бағдарламалары туралы және жұмыс берушілердің ұсынысы, білім алушының масап траекториясын қалыптастырудың маңыздылығы және осы мақсатта басталған жобалар, кәсіби тәжірибені ұйымдастыру форматындағы кейбір мәселелер туралы сөз қозғалды, ұсыныстар жасалды.