Жастар және ұлттық мәдениет

29 қазан Yessenov University «Жастар және ұлттық мәдениет»  тақырыбында тарихи- өлкетану музейінің қызметкерлерімен тағылымдық кездесу өтті

Кездесуге белгілі өлкетанушы Отыншы Көшбайұлы, ғылыми хатшы Тамара Қалмырзақызы, әдіскер Ғалия Хибадуллаевна және университет студенттері қатысты. 

 

Шара алдында қонақтар оқу ғимараты бойынша кампус-тур өткізіліп, университетте студент жастарды дамыту және студенттік өзін-өзі басқару бағытында жүргізіліп отырған қызметтермен танысып, экскурсия  жасалынды.