3-4 сәуір аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарынан 7 команда қатысқан Х Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының II – кезеңі өтті. Yessenov University атынан «Мұнай газ ісі» мамандығының 3 – курс студенттері Әсемгүл Алдабергенова, Мейіржан Асхатов және Айдана Есжанова қатысып, жоғары білімі мен біліктілігін көрсетті.
Олимпиада қортындысы бойынша Айдана Есжанова 2 – дәрежелі және Мейіржан Асхатов 3 – дәрежелі дипломға ие болды.