«Мұнай газ ісі» мамандығының студенттері Х Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының жүлделі орындарына ие болды

3-4 сәуір аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда  мемлекеттік университетінде Қазақстанның барлық  жоғары оқу орындарынан 7 команда қатысқан Х Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының II – кезеңі өтті. Yessenov University атынан «Мұнай газ ісі» мамандығының 3 – курс студенттері Әсемгүл Алдабергенова, Мейіржан Асхатов және Айдана Есжанова қатысып, жоғары білімі мен біліктілігін көрсетті.

Олимпиада қортындысы бойынша Айдана Есжанова 2 – дәрежелі және  Мейіржан Асхатов 3 – дәрежелі дипломға ие болды.