2022 жылдың басынан бастап Uxiship жобасының “Кәсіпкерлік орталығы” базасында “Кәсіпкерлік” курсы аясында студенттік startup Жобалар марафоны басталды.
Марафонның мақсаты – жобалық қызмет арқылы студенттік бастамаларды дамыту және жастар кәсіпкерлігін ілгерілетуге ықпал ету. Аталған марафон аясында қатысушы студенттер үшін түрлі курстар, дәрістер, инкубациялық бағдарламалар ұйымдастырылды. Марафонға командалармен 72 жоба, 200-ден астам студент қатысты.
“Yessenov Fest -2022” жыл сайынғы фестиваль барысында 2022 жылғы 14 Мамырда Yessenov UNIVERSITY Каспий кәсіпкерлік орталығы “Yessenov Startup marathon – 2022″студенттік бизнес жобалардың көрме – жәрмеңкесін ұйымдастырды. Студенттер “кәсіпкерлік” курсын оқып, “Бизнес және құқық” факультетінің “Экономика” кафедрасының ментор – оқытушыларының және бизнес-тренерлердің арқасында қызықты, әлеуметтік-маңызды және инновациялық жобаларды көрсетті!
Ақтау қалалық кәсіпкерлер кеңесінің бизнесмендерінен (Икаева Залина, Бисен Арман), бизнес-тренерлерден (Қуаныш Мұстафин, Айтқали Айболат, Маржан Найзабекқызы, Мұртабек Қонжанов, Түсіпбекова Шолпан) және сарапшыдан (Илькин Оружов)шақырылған қазылар алқасы студенттердің дайындығын жоғары бағалап, марафон жеңімпаздарын анықтады:
1 орын – Кайыр Еркебұлан, “Даналыққа кілт” жобасы (визуалдық кітапхана), “Ғылым және технология” факультеті
2 орын-Өтебай Оралбай, Бекқали Нұрбек, Хабиев Мирас, Қайрсапаев Ержан, Мейманбаев Әлібек Цай Владислав, Ақтанов Бекжан, Джумакулова Салтанат “SPOOKY WEB (бағдарламалау мектебі)” жобасы, “Ғылым және технология”факультеті
3 орын – Оконта Икехюквю Самсон, Ойимиве Хибузор Коллинс, Мирзагалиев Нұрсұлтан “African restaurant” жобасы, “Ғылым және технология” факультеті және “Туризм және тілдер” факультеті