14 қыркүйек күні Yessenov University-де «Әлеуметтік қолдау және жастарды дамыту» басқармасының ұйымдастыруымен Клубтар жәрменкесі өтті

Жәрмеңкеге барлық YU клубтары қатысты:

SHOQ JULDYZ поэзия клубы;
KEMEL дебат клубы;
FREEDOM би клубы;
VOLONTEERS еріктілер клубы;
AYALA қыздар клубы;
ШЕР театр клубы;
YU TV медиа клубы;
VIZ клубы

Әр клуб жаңадан қосылып жатқан студенттерге өз бағдарламасы мен жұмыс бағытын ұсынды.
Жәрмеңкенің соңында студенттерге арналған лотерея ойналды. Білім алушылардың көпшілігі қызығушылық танытып, өздеріне ұнайтын клубтарға қосылды.