Coursera

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан ЖОО студенттері үшін Coursera халықаралық білім беру платформасына қолжетімді мүмкіндік туғызған болатын.

Coursera – Қазақстан студенттеріне Еуропа мен Американың жетекші университеттерінің 10 000 жаппай ашық онлайн курстарынан тегін өтуге, ал 100 курсты қазақ-орыс тілдерінде курсты оқуға мүмкіндігін берді.

Курстар студенттерге тиімді көшбасшы, маңызды қызметкер болуына себепкер болады. Coursera сертификаттарын ала отырып студенттер алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға, сонымен қатар кәсіби деңгейде бәсекеге қабілетті болуға сондай-ақ үнемі дамуға, өз әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін ресурстарға қол жеткізеді.

Тегін тіркелу үшін Білім беру ресурстарын дамыту орталығына хабарласыңыз.
Байланыс нөмірі: +7-7292-788-788 (ішкі 252).