Әскери ант

Yessenov University әскери кафедрасында запастағы офицерлер мен старшиналарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу-жаттығу жиындары мен оқытудан өткен курсанттардың әскери ант қабылдауының салтанатты рәсімі өтті.
 
124 студент салтанатты жағдайда, туыстары мен жақындарының, университет басшылығының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлерінің қатысуымен Отанына және Қазақстан Республикасының Президентіне – Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысына адал болуға ант берді.
 
Әскери ант қабылдау рәсімін аша отырып, әскери кафедра меңгерушісі, запастағы 1-дәрежелі капитан Марат Мейрамов әскери анттың қасиетті сөздерінің маңыздылығын атап өтіп, оқу жиындарын, әскери кафедрада оқудың барлық кезеңін курсанттардың 2023 жылғы шығарылымын қорытындылады.
 
Yessenov University атқарушы вице-президенті Ермек Нұрмағанбет сөз сөйлеп, қарулы күштердің ардагерлері мен үздік курсанттары да арнайы құттықтады.