Үздіксіз білім беру институтында этномәдени құзыреттілік бойынша курстар басталды

2024 жылдың 22 сәуірінде Үздіксіз білім беру институты «Жаһандану жағдайында этномәдени құзыреттілікті дамыту» тақырыбында курс ұйымдастырды. Курсқа «Қазақстан халқы Ассамблеясы» және «Дене шынықтыру және спорт» кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамынан 15-тен астам тыңдаушы қатысты. «Туризм және тілдер» факультетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Орынгүл Дүйсенбайқызы Табылдиева қазақ халқының тарихы мен тарихи тұлғаларын ұлттық бірегейліктің құрамдас бөлігі ретінде зерттеуді, жаһандану мен интеграция жағдайында бірегейлікті сақтау мәселелерін қарастырды.

Курстың мақсаты: жаһандану жағдайында қазақстандық жалпыға ортақ ұлттық бірегейлікті тиімді қалыптастыру, этносаяси құндылықтарды тәрбиелеу мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Курс барысында тыңдаушылар Қазақстан Республикасының этникалық саясат саласындағы нормативтік құқықтық құжаттарының негізгі бағыттарын меңгереді, қоғамның тұрақтылығын белгілейтін фактор ретінде ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда кәсіби білім мен дағдыларды пайдаланады. Толеранттылықтың этносаралық қатынастарды үйлестіру факторы ретіндегі рөлін зерделейді, «этномәдени құзыреттілік» ұғымының негізгі белгілерін, жоғары оқу орнында оқу процесінде алынған студент жастар арасындағы этномәдени құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту нәтижелерін және оқу және тәрбие процесінде әдістемелерді қолдану қажеттілігі туралы қорытындыларды қарастырады.

Курс аяқталғаннан кейін оқу бағдарламасын сәтті меңгерген және қорытынды аттестаттаудан өткен тыңдаушыларға біліктілігін арттыру туралы сертификаттар беріледі.