❤ Қоғамға қызмет туралы

Share on social networks

Кейде күнделікті істердің циклінде біз көптеген негізгі нәрселер туралы ұмытып, ойланбаймыз. Біз кімбіз? Неліктен біз бұл әлемге келдік? Әлемді жақсартып, әдемі ету үшін не істей аламыз? Сөйлеу керек жерде, біз, өкінішке орай, үндемейміз. Өкінішке орай, біз кейбір фактілерді көргіміз, естігіміз немесе айтқымыз келмейді, бірақ олар бар.

Кейде статистика әлеуметтік мұқтажы бар азаматтар санының өсіп жатқанын жасырып та жатады. Бұл проблема !!! Ақпараттық технологиялар ғасырында біз бұл сандар туралы дауыстап айтуымыз керек, тіпті айқайлауымыз керек. Өмірдің мәнін нақты әрекеттерде түсіну, бір-біріне ізгілік таныту, бір-біріне қамқорлық жасау- бұл адамзаттың ортақ міндеті.

 

Бүгінгі таңда Yessenov University әлеуметтік жауапты университетті құру үшін бірқатар ауқымды жобаларды жүзеге асыруда. Мәселен, «Қоғамға қызмет» YU_Service learning жобасы аясында қоғамның әртүрлі салаларын: әлеуметтік, экология, спорт, медицина, мәдениетті зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Студенттерге қоғамдық қызмет көрсету тәжірибесімен танысуға ерекше мүмкіндік берілді. Бұл жобаның мақсаттарының бірі – мәселені көре алатын және оны шеше алатын әлеуметтік жауапты ұрпақ қалыптастыру.
Маңғыстау облысындағы бүгінгі статистика әлеуметтік мұқтаж азаматтардың саны артып келе жатқандығының өкінішті фактісі болып табылады. Маңғыстау облысындағы ресми мәліметтерге сәйкес, бүгінгі күні әлеуметтік қорғау органдарында 27000 мүгедек тіркелген, олардың 5188-сі – мүгедек балалар, бұл мүгедектердің жалпы санының 20%, церебральды сал ауруымен 290 бала, аутизммен ауыратын 92 бала, Даун синдромы 65 бала. 132 қария қарттар үйінде, 33 бала арнайы балалар үйлерінде тұрады.

Әлеуметтік жауапты рөлді атқара отырып, Yessenov University жергілікті қоғамдастықтың барлық өкілдерін осы мәселелерді бірлесе шешуге үндеу үшін осы көрсеткіштер туралы хабарлайды. 2020 жылдың 5 ақпанында Yessenov University Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге Маңғыстау облысында «Еріктілер жылының» ашылуына арналған салтанатты шара өткізді. Осы іс-шара аясында студенттердің әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобалары ұсынылды.

Қазақстанның барлық азаматтары тең құқықтар мен мүмкіндіктерге, тең жағдайларға ие болуы керек, әрине, жайлы ортада өмір сүру керек! Мұның бәріне бірлескен күш-жігермен ғана қол жеткізуге болады.
Біз болмаса, кім?! Қазір болмаса, қашан?! БІЗ БІРГЕМІЗ!

#volunteersmangystau2020 #bizbirgemiz