⚡ “Қоғамға қызмет” проекті туралы

Адамның мәдени тұлға ре­тін­дегі табиғатын зерттеуші ға­­­лымдар, адамның мәдениеті мен қасиетін түсіндіру үшін сол адамның өскен, өнген, білім ал­ған, тәрбиеленген ортасында алған тәлім-тәрбиесі негіз бола­тындығын айтады.

Осы арада білім мен тәрбие беру ортасы ретінде университеттер қоғамның дамуына қалай көмектесуге болады және университет бітіруші түлектерімізді ман­сапқа, табысқа, жалақыға, қо­ғамдағы жақсы жағдайға ба­ғыттап қана қоймай, оған қол жет­кізе алмайтындар туралы ой­лады қалай қалыптастыруға болады? 

Сондықтан Yessenov University студент жастар­ды құн­ды­лықтарымызға сәйкес, қоғамда ықы­ластылықты қа­лып­тастыруға ба­ғыттау мақса­тында осы 2018-19 оқу жылынан бас­тап, әлемдік тәжірибеге сүйе­не отырып, әлеуметтік жоба­ларды қамтитын «Қоғам­ға қыз­мет» (Service Learning) пәні енгі­зілді. Алғаш рет Service Learning бағдарламасы АҚШ-та әзірленіп, сы­­­­­нақтан өткізілді және тәжірибелі оқы­тудың тығыз қа­лып­тасқан практикасында бастау алады. Service Learning – азаматтылыққа, академиялық пәндерге, дағдылар мен адами құн­дылықтарға оқыту әдісі. Бұл жобаны енгізген АҚШ жоға­ры оқу орындарының бірі – Стэнфорд университеті. Содан кейін Ар­гентинада, Чилиде және Еуропаның кейбір елдерінде таралған. Бүгінге дейін Қазақ­станда Service Learning жобасы тек­ екі ЖОО-да енгізілді: AlmaU жә­не Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

Жобаның мақсаты – білім алушы­лардың сана-сезі­міне адамгершілік, қоғамға қа­жет­тілік, қайырымдылық сияқ­­­ты адами құндылықтарды ұя­ла­ту, студенттердің өмірге де­ген белсенді ұстанымын қалып­тас­тыру. Студент жас­­тарды во­­лон­терлық қызметке тарту. Мұндай жоба арқылы студент­тер қоғамның әлеуметтік мәселе­лерін көріп, шешу жолдарын үйре­неді әрі әлеуметтік мекеме­лерде іс-тәжірибеден өтеді. Яғни, атал­ған оқу курсы аясында білім алушылар қоғамға қызмет етуді оқиды және қарттар үйінде, мү­гедектер үйінде, сон­дай-ақ басқа да әлеуметтік ұйымдарда жұмыс істеу арқылы алған білімдерін тәжі­рибе жүзінде қолдануды үйренеді.

#servicelearning #volunteering