Жыр алыбы – Жамбыл

21 қазан күні Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы, Yessenov University 45 жылдық мерейтойы қарсаңында, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты шығармашылық кеші ұйымдастырылды.

Концерттік бағдарлама барысында өнерпаз студенттер күй тартып, тыр-терме айтып, Жамбыл өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, университетіміздің бейнелеу үйірмесіндегі студенттеріміздің туындыларының арнайы көрмесі ұсынылды.

Кеш соңында қыркүйек айында белсенділік танытқан студенттер марапатталып, білім ордамыздың үздік факультеті анықталды.

Бірлесе атқарылған жұмыстарда белсенділік танытқаны үшін берілген арнайы номинациялар:

Үздік факультет – Ғылым және технологиялар факультеті;

Бастамашыл факультет – Туризм және тілдер факультеті;

Ұйымшыл факультет – Бизнес және құқық факультеті;

Ізденімпаз факультет – Теңіз академиясы;

Жаңашыл факультет – Инжиниринг факультеті;

Білімпаз факультет – Білім беру мектебі;

Жаңа толқын – Есенов колледжі.