Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ іс

Yessenov University студенттерінің адамгершілік құндылықтарды насихаттау, қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік, адалдық, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында “Адал ұрпақ” клубының белсенді жастарымен өткізілген «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ іс» атты жастар слеті өтті. 

Слет бағдарламасына сай универститет жастарынан құралған «Ойлан», «Ақиқат», «Юкол», «Ақинақ», «Рух», «Адалдық» атты командалар өзара сайысқа түсіп, өздерінің тапқырлық, әртістік, кретивтілік, командамен жұмыс жасау дағдыларын жоғары дәрежеде көрсетті. Әділқазылармен анықталған жеңімпаздар марапатталып, оларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің атынан сыйлықтар табысталды.