Құрметті студенттер!
Сіздерді «Yessenov University студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында өткізілетін «Жыл оқырманы» байқауына қатысуға шақырамыз!
Іс-шара мақсаты мен міндеттері:
Жалпы университеттік «100 кітап» жобасын, кітап оқудың маңыздылығын насихаттап, студент жастарды оқуға тарту, дәстүрлі оқуды сақтау және дамыту, кітапхананың мерейін арттыру, студенттер арасынан үздік оқырмандарды айқындау. Эстетикалық талғамы бай, ойы зерек, қиялы жүйрік, жан-жақты білімді оқырмандар санатын қалыптастыру.
Іс-шара кезеңдері:
І кезең: Сауалнама толтыру және эссе жазу. Жауап беру үшін электронды түрде library@yu.edu.kz сілтемесі арқылы немесе классикалық оқу залынан дәстүрлі қағаз түрінде толтыруға болады.
Эссе жазу. Студенттің шығармашылық, қаламгерлік қабілеттері осы кезеңде сыналады. Байқауға қатысушылар «100 кітап» тізіміне енген шығармалардан алған әсерінен туындаған шығармасын жазуы тиіс. Оқырман шығармаларын 2025 жылдың 21 сәуіріне дейін library@yu.edu.kz электронды мекен-жайларына жіберуді сұраймыз немесе кітапхана қызметкерлеріне жолығуға болады.
ІІ кезең: Әңгімелесу:
1) «100 кітап» тізіміндегі поэзия және прозалық шығармалардан үздік үзінділер оқылады (регламент 3 минут)
2) «100 кітап» тізіміне енген шығармалар бойынша әңгімелесу.
ІІІ кезең: Оқырмандар конференциясы (еркін пікірталас алаңы).
Іс-шараның қорытындысы 2025 ж. 25 сәуір күні сағ. 16.00-де Yessenov University атриумында өтеді.
Қатысушы студенттердің арасынан үздік оқырмандарға «Жыл оқырманы», «Қазақ классикасын оқудағы үздік оқырман», «Орыс классикасын оқудағы үздік оқырман», «Шетел әдебиетін оқудағы озық оқырман», «Поэзия оқуларының майталман оқырманы», «Көркем сөздің шебері», «Үздік эссе иегері», «Кітапхананың тұрақты оқырманы» номинациялары беріледі.
Қосымша сұрақтар бойынша берілген телефон нөмірлерге хабарласыңыз: 87753537516; 87025173004