«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті

9 ақпан күні 2017 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Еліміздің 53 жоғары оқу орнынан 200 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері болды, соның ішінде Yessenov University оқытушылары, «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, Ахметов Нурсапа және «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының доценті, PhD докторы, Сырлыбекқызы Самал «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды.

Оқытушылардың ғылыми-педагогикалық қызметі сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша бағаланды. Оның ішінде, оқулықтарды, монографияларды, оқу құралдарын ағылшын тілінде әзірлеу, қатысу және басып шығару; кәсіби қызметі бойынша шет тіліндегі жаппай ашық онлайн курстардың платформасы базасында курстан табысты өткені туралы сертификаттың бар болуы және т.б.