Yessenov University мен Almaty Management University арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

12 ақпан күні Yessenov University басшылығы мемлекет басшысының Жолдауы бойынша цифрлық білім беру ресурстарын, білім беру және зерттеу бағыттарын, жаңа озық технологияларын дамыту мақсатында Almaty Management University-де жоспарланған іс-сапарын жалғастырды.

Кездесу барысында Almaty Management University ректоры Гульмира Курганбаева университеттің миссиясы және негізгі жұмыс аясымен таныстырып өтті. Одан әрі, AlmaU KNOWLEDGE BUILDING кампусы бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Yessenov University басшылығы Almaty Management University – дың озық технологиялармен жабдықталған «DesignLab», Кибер – Полигон «ИнжЭкон»зертханаларымен, «MediLab» журналистика мультимедиалық орталығымен және «ALMA University» инновациялық музейінде үздік тәжірибелермен танысып, ой бөлісті.

Кездесуді қорытындылай келе Yessenov University  және Almaty Management University арасында ынтымақтастық бағыттары анықталып, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.