Жігерлі жастар-ел болашағы

Share on social networks

20 қазан күні Yessenov University-де әйгілі ғалым, педагог, профессор, саясаткер, академик, қоғам қайраткері Жаулин Қиықбай Мыңбайұлының “Жігерлі жастар-ел болашағы”атты жас ғалымдар мен студенттермен кездесуі өтті.

Киікбай Мыңбайұлы сөйлеген сөзінде жас кезінде шопан болғанын, студенттік жылдары депутат болып сайланғанын және балама түрде Гурьев қалалық партия комитетінің екінші хатшысын жеңіп, қалалық Кеңестің депутаты болып сайланғанын атап өтті. Депутат бола тұра, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, Гурьев қаласын Атырау қаласы деп қайта атау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

 

Үлкен қызметімен қоса ғылыммен айналысып, докторлық диссертациясын қорғады, көптеген кітаптардың авторы. 

 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, университетіміздің 45 жылдығы қарсаңында ағамыздың өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі болды. 

 

Сөз соңында ол өскелең ұрпаққа өзінің өсиеттері туралы айтып, алдағы уақытта да табыс тіледі. Беделді қызметте бола отырып, басшылық тарапынан да, халық тарапынан да үлкен қолдауға ие болған ағамызға үлкен табыс тілейміз.