Жемқорлыққа мүдем төзбейміз!

21 сәуір күні Инжиниринг факультетінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаға негізделген құқықтық білімді дамыту, саяси өмір туралы ақпараттандырылған тұлғаны қалыптастыру, Отанға адал қызмет етуге тәрбиелеу мақсатында “Жемқорлыққа мүдем төзбейміз” атты онлайн-кездесу өткізілді.  

Кездесуге  “Маңғыстау-адалдық алаңы” жобалық кеңесінің жетекшісі Усупбаев Дайрабай Мамашұлы; “Жаңару” сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының мүшесі Конарбаев Аллаберген Әзірбайжанұлы; Yessenov University “Саналы ұрпақ” клубының төрайымы Ізтұрғанова Гүлнар Қосшықызы қатысты. 

Спикерлер, оның ішінде біздің университеттің студенттері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі тақырыбын қозғады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызды факторы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және жастарды тәрбиелеу болып табылатынын атап өтті.