Tourism Experiential Learning Programme

Share on social networks

14-17 сәуір аралығында Ғылым  және даму жөніндегі вице-президент Т.С.Иманқұлов, «Туризм және тілдер» факультетінің деканы А.Т.Тургалеева, «Халықаралық  қатынастар  және туризм» кафедрасының  меңгерушісі  Э.Т. Жанғожаева  бастаған делегация өкілдері Университет атынан Анталия Білім Университетімен (Түркия) Туризмді Тәжірибелік Оқыту Бағдарламасын (TELP) іске асыру туралы келісім жасасты. Осы бағдарлама аясында Есенов Университетінің үздік студенттері Анталия Білім Университетінің жазғы мектебінде оқып, сонымен қатар олар үш ай бойы Rixos  бес жұлдызды қонақ үйлерінде тәжірибе алмасады. 

Жазғы мектеп аяқталғаннан кейін оқушылар 30 ECTS меңгергендіктерін растайтын  халықаралық сертификат алады. Келісім аясында жыл сайын Анталияда  Есенов университетінің студенттерін оқыту жоспарланып отыр. 

Бұл бағдарлама «Туризм» және «Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламаларында оқитын студенттерге әлемді көруге, жаңа құзыреттіліктерге үйренуге, өздерін дәлелдеуге және өз мансаптарын Rixos қонақ үйлерінде бастауға мүмкіндік береді.

 Сонымен қатар, бағдарлама түркі елінің тарапынан қаржыландырылатын болады.