Yessenov University-де оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында оқытушыларымен кездесу өтті. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы — Н. Жанназарова Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау үшін өңірдегі білім беру ұйымдарында жүргізілген сауалнама нәтижелерін жария етті.
«Саналы ұрпақ» агенттігінің жобасы аясында кеңсе ашылып, жауапты мамандар бекітілді.
Yessenov University ректоры — Б. Ахметов агенттік бастамасын толығымен қолдап, жобаны дамытуға өз үлесін қосуды ұсынды.
Іс-шара барысында «Digital agent», мобильді қосымшасы таныстырылды.