Психолог Райхан Бекманова жатақханада студент қыздар арасында «Бәрі мен туралы!» атты психологиялық кеш өткізді. Іс-шараның мақсаты – қыздардың салауатты өмір салтына, темекі шегудің зияны және басқа да жаман әдеттер, жұптық қатынастар, ерте жүктілік, сондай-ақ жатақханаға жеке гигиена мен тұрмыс туралы көзқарастарын анықтау, пікір алмасу және сұрақтарына жауап беру болды.
Қыздар әлеуметтік топ ретінде мамандықтардың әртүрлі санаттарына бөлінді: дәрігерлер, химик – биологтар, психологтар жағымсыз әдеттерге мен тәуелділіктерге қарсы болса, екінші топ зиянды өмір салтын қолдайтын тарап болып бөлінді, ток-шоуға белсене қатысты.
Бұл процесте белсенді және пайдалы пікірталас болды, әр тарап сұрақтарға толық түсініктеме берді: жастар неге темекі шегуді бастайды? Мифтер мен фактілер, оның салдары қандай, теріс тәуелділіктермен қалай күресуге болады және әрбір қатысушы әлеуметтік сауалнама сұрақтарына жауап берді. Алдағы уақытта ЖОО қалашығының жатақханасында тұратын студенттермен жігіттермен психологиялық іс-шара өткізу жоспарлануда.