Жастар және полиция: зорлық-зомбылық экстремизмінің және қазіргі заманның басқа да қауіптерінің алдын алу

YESSENOV UNIVERSITY “Құқықтану” мамандығының студенттері 19-21 сәуірде Германия қоғамының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі өкілдігі мен ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы ұйымдастырған “Жастар және полиция: зорлық-зомбылық экстремизмінің және қазіргі заманның басқа да қауіптерінің алдын алу” Республикалық жастар форумына қатысты. Халықаралық Герман қоғамының шешімімен Yessenov University студенттер командасының бейнероликтер байқауында жеңіске жетіп, үздік ведеоролик грамоталарымен марапатталды. Форумға қатысушылар сертификаттармен марапатталды.