Yessenov University қабырғасында тұңғыш рет”КӘСІПОДАҚ ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫ – РУХАНИ ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДА” жас ұстаздардың республикалық жазғы лагерінің ашылу салтанаты болып өтті.
Шараны ұйымдастырушы – «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі. Республикалық шараға 80 – нен аса адам қатысады: жас ұстаздар, өлкеміздің жоғары оқу орнының кәсіподақ белсенділері, Жастар ісі жөніндегі республикалық Кеңестің мүшелері.
Жазғы лагерь жұмысы барысында, «Келіссөздер-дау-жанжалдарды басқару технологиясы»; “Мен білуге тиістімін!» немесе «Менің құқығым бар!” “Әлеуметтік жобалар: Жастардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін сапалы шешудің амалдары»; “Өзін-өзі жетілдіруді жақсартуға арналған коммуникативтік қасиеттерді дамыту”; т.б. тақырыптарында әртүрлі семнарлар, тренингтер, коучингтер, тимбилдингтер ұйымдастырылып өткізіледі.