Жас кәсіпкерлері ашық есік күні

16 қыркүйек күні Yessenov University Каспий кәсіпкерлік орталығы және «Бизнес және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен жас кәсіпкерлерге ашық есік күні өткізілді.  

Шараға профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, БАҚ өкілдері және өз кәсібін ашқысы келетін жандар қатысты. 

Ашық есік күнінде кәсіпке бет бұрған студенттердің өнімдері: фотомагниттер, тәрелкелер, жеміс букеттері, тоқылған киімдер, экосумкалар, бисерден және эпоксидті шайырдан жасалған бұйымдар, палантиндер көрмеге қойылды.