SMALL GRANTS PROJECTS

Ғылыми зерттеу жұмыстарына айрықша басымдық беретін Yessenov University «SMALL GRANTS PROJECTS» гранттық жобаларын жүзеге асыру мақсатындағы зерттеу кеңесінің арнайы отырысы өтті.

«Қазақстанның үздік өлкетанушысы», «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерінің иегері Құлбаев Нұрлан Абызұлы университет қабырғасында ізденісінің жаңа бағыты – «Маңғыстау мен Үстірт аумағындағы рельеф таңбалардың тарихи мәнін зерттеу» тақырыбында университетішілік грантқа ие болды. 

Белгілі тарихшылар мен археологтардан жасақталған зерттеу тобы қыркүйек айынан бастап Маңғыстау мен Үстірттегі рельеф таңбалардың тарихи мәні мен әлеуметтік маңызын анықтау, «Үстірт жебелері» үлгісіндегі арандарға арнайы саяхаттар ұйымдастыру, жүйелі зерттеулер жүргізу мақсатында іссапарлар мен экспедицияларды бастап кетті.