Жаңа мүмкіндіктер

26 сәуір күні Yessenov University ҚР-ның Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті және Ақтау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, YU түлектеріне арнап «Жаңа мүмкіндіктер» атты бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

Жәрмеңкеге мемлекеттік органдар мен жеке-меншік мекемелерді қоса алғанда, жалпы саны 26 мекеме өздерінің бос орындарын жастарға ұсынды. Қатысушы YU түлектерінің саны мыңға жуықтады. 

Жәрмеңкеде Ақтау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары болашақ жас мамандарға еңбек мүмкіндіктері және мемлекеттік жұмыс бағдарламалары жайында презентациялық ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің мамандары жастарға мемлекеттік қызметке кіру тәртібін түсіндіріп, тестілеуге тіркелу бойынша арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.