Түлектерді жұмыспен қамтудың тиімді жолдарын айқындау және пікір алмасу мақсатында 30.11.2022 ж. «Инжиниринг» факультетінде дөңгелек үстел өткізілді. «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан темір жолы-жүк тасымалы» АҚ филиалы, «Ақтау теңіз сауда порты» АҚ, «Құрық порты» ЖШС ұйымдар өкілдері қатысты.
Қатысушылар дөңгелек үстел барысында жұмыс беруші ұйымдардың мақсат-міндеттерімен, сонымен қатар алдыңғы 5 жылдыққа қойылған жоспарларымен де танысты. Жұмысқа орналасу, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнату, жұмысқа тұрудың кәсіби талаптары, сұранысқа ие мамандықтар, т.б. тақырыптарда өзекті сұрақтар қойылып, көкейтесті мәселелер талқыланды.