Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!

22-қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдер күні мерекесіне орай «Инжиниринг» факультетінде «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!» атты шара өтті. Экология мамандығының студенттері қатысқан бұл шара пікір-талас түрінде өтіп, «Қазақ тілі қазіргі таңда жастар арасында өз мәнін жойды және жойған жоқ» деген екі жақты пікірді студенттер көрініс қою арқылы ойларын тиянақтап, дәлелдеді. Бір-біріне ситуациялық сұрақтар қойып, мәнді-мағыналы жауаптар айтылды. Және 2 топ берілген мақал-мәтелдің жалғасын тауып, 3 тілде аударды. Факультеттің аға оқытушысы, магистр Ж.К.Алтыбаева ұйымдастырып, өткізген азаматтық-патриоттыққа тәрбиелейтін сайысты университет доценті, қоғам қайраткері Р.Қ.Махамбетова, факультет деканының орынбасары А.Ш.Аккенжеева, Маңғыстау облысының орталығы Жастар жобалары және шығармашылық бөлімінің маманы З.М.Кубегенов сараптап, талқылады. Студенттерге тілге деген сүйіспеншіліктерінің мықты болуын, өзге тілді меңгере отырып, өз тілімізді құрметтеп, қорғау керектігін айта келе, рухани кешті қорытындылап, марапаттады.