Yessenov University студенттері «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» атты семинар-тренингіне қатысты

4-5 сәуір күндері Yessenov University үздік студенттері Астана қаласы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында  «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» тақырыбында ұйымдастырылған екікүндік семинар-тренингке қатысты.

Дәстүрге айналған іс-шара аясында жастар «Бәсекелік қабілет – ұлттың XXI ғасырдағы жаңғыруы», «Қазақстанның тарихи жолы мен эволюцилық дамуы», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Сананың ашықтығы – болашаққа бастар жол» тақырыптарында дәрістер тыңдап,  «Бәсекелік қабілет. Бәсекеге қабілеттілікті, жеке және командалық  тиімділікті арттыру» бағытында командалық ойындар мен психологиялық жаттығуларға қатысып, шағын топта «Туған жер» тақырыбына туристік жоба әзірледі. Сонымен қатар студенттер «Қазақстан жолы» интерактивті ғылыми-білім беру орталығында практикалық сабақ өткізді.

Екі күндік білім беру бағдарламасының қорытындысы бойынша оқу курсының сертификаттары тапсырылды.