22 қаңтар күні Yessenov University-де Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында университеттің кіші қызмет көрсетуші персонал, оқу-көмекші персонал және әкімшілік-басқару персоналының лауазымдық еңбекақысын бір жалақы мөлшерінде арттыру туралы шешім қабылданды.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:
* Кіші қызмет көрсетуші персоналдың орташа еңбекақысы – 184 000 теңгеге;
* Оқу-көмекші персоналдың орташа еңбекақысы – 193 000 теңгеге;
* Әкімшілік-басқару персоналының орташа еңбекақысы – 326 000 теңгеге дейін өседі.
Yessenov University ұжымын осы тамаша жаңалықпен құттықтаймыз!
Биылғы жыл сіздерге табысты және жетістіктерге толы жыл болсын деп тілейміз!