PhD доктор Ибраева Маншук Мұратқызының «Заманауи білім берудегі STEM технологиялары» тақырыбындағы профессорлық-оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курсы

Ағымдағы жылдың 15-қаңтарынан бастап Үздіксіз білім беру институтының ұйымдастыруымен Yessenov University профессорлық-оқытушылар құрамына арналған «Заманауи білім берудегі STEM технологиялары» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы басталды. Курсты ғылыми-зерттеу және басқару қызметінде мол тәжірибесі бар, STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) технологияларын дамыту бойынша авторлық бағдарламасы негізінде жаратылыстану кафедрасының доценті, PhD доктор Ибраева Маншук Мұратқызы жүргізеді.

Курстың мақсаты – қазіргі заманғы технологиялық әлемде табысқа жетудің кілті болып табылатын STEM саласындағы іргелі білім мен практикалық дағдыларды дамыту болып табылады. Курс барысында тыңдаушылар теория мен практиканы жақындастыруға, құзыреттіліктердің дамуын, жоғары деңгейлі мамандарды даярлауды қамтамасыз етіп, білім берудегі ғылыми зерттеулерді ынталандыруға арналған көптеген мағлұматтармен танысады. Курс барысында тыңдаушылар STEM білім беру және STEM технология бойынша инженерия, робототехника, жасанды интеллект, ғылыми зерттеулер және технологиялық инновацияларды қоса алғанда, кең ауқымды тақырыптармен танысады. Курс теориялық оқуды да, заманауи жабдықтар мен әзірлеу құралдарын пайдалана отырып практикалық сабақтарды да қамтиды. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі – ізденуші сыни тұрғыдан ойлауын және проблемалық жағдайлар мен тапсырмаларды шешуге шығармашылық көзқарасын дамытуға, өз бетінше ізденуге, ақпаратты талдауға, шешім қабылдауға, топпен жұмыс істеуге, тиімді қарым-қатынас жасау және дағдыларын қалыптастыру бойынша білімді меңгереді.

Әрбір тыңдаушы үшін осы біліктілікті арттыру курстары кәсіби дамудың тағы бір өсу нүктесі болатынына сенімдіміз!

Курс соңында оқу бағдарламасын сәтті меңгерген және қорытынды аттестаттаудан өткен тыңдаушыларға біліктілікті арттыру туралы сертификаттар беріледі.