Yessenov University Президентінің 1-курс студенттерімен кездесуі өтті

Жылдағы дәстүр бойынша Yessenov University Президентінің 1-курс студенттерімен кездесуі өтті. Шара студенттердің онлайн және офлайн форматта қатысуымен университет Президенті Берік Ахметовтың жігерлі әңгімесімен сұхбат түрінде жалғасты.

 

Берік Бақытжанұлы бірінші курс студенттеріне университеттің қызметі мен соңғы жылдардағы жетістіктері туралы ақпарат берді. Университеттің білім жүйесі заманауи тәжірибеге сай жасақталғанын, қосымша ағылшын тілі курстары, арнайы бағдарлама арқылы шетелдік университеттен дәріс алу сияқты жаңашылдықтарға толы екендігін атап өтті.

 

Университетте білім алумен қатар, өзін-өзі дамытып, жетілдіруге барлық жағдай жасалған. Жастардың ғылыммен шұғылданып, болашақта мансапты әр түрлі компанияларда ғана емес, университет қабырғасында да құруға мүмкіндігі бар. Сұранысқа ие маман болу үшін студенттік кезден бастап әлеуметтік жауапкершілікті, қоғамдық қарым-қатынасты үйрене беруі керек.

 

Өз кезегінде студенттер алдағы оқу жылына жоспарларын және одан не күтетіндерін айтты.

 

Биыл университет 1920 бірінші курс студентті қабылдаған. Оның ішінде 200-ге жуығы шетелден келіп білім алушылар. Ректор университетте күндізгі бөлімде оқуға мүмкіндік беретін барлық қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылғанын атап өтті: температураны бақылау, маскалық режим, желдету, ауаны дезинфекциялау. Егер шектеулер енгізіле қалса, университет қашықтықтан оқыту технологияларының сабақтарын өткізуге дайын екендігін жеткізді. Сондай-ақ, студенттерді сабаққа бетперде киіп, қолға залалсыздандыратын сұйықтар пайдаланып, барынша сақтық шараларын сақтауға шақырды.