Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін талқылау мақсатында университеттің профессорлық-оқытушыларының және студенттерінің қатысуымен арнайы дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелде «Көлік және құрылыс» факультетінің деканы Жолдыбай Жұмаев, «Экономика» кафедрасының меңгерушісі Айжан Омарова, доцент Қосарбай Қожахмет, доцент Шарапат Абишева және аға оқытушы Раушан Каметова баяндама жасап, Елбасының бес әлеуметтік бастамасының әр бағыттарына жеке-жеке тоқталып, өз ойларымен бөлісті.