YESSENOV UNIVERSITY де сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат аясында жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында үздік идеяға (жобаға) байқау өтті!

29 қараша күні YESSENOV UNIVERSITY де сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат аясында жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында үздік идеяға (жобаға) байқау өтті!
 
Жобаның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды арттыру арқылы жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
 
Жобаның міндеті-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының, сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін жою әдістерінің жаңа жүйесін ұсыну.
Жоба тақырыбы- «Сыбайлас жемқорлықпен күресудегі үздік жоба!»
Байқауға YESSENOV UNIVERSITY студенттері мен магистранттары қатысты.
Аталған байқауда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Мұқатай Нұргүл Тұрлыбайқызы, “Әділдік жолы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысы бойынша филиалының сарапшысы Қарабалин Нұрлыбек Жаңабайұлы және “Маңғыстау-Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Шамшадинова Арайлым қазылық етіп, жеңімпаздары анықтап дипломдармен, сыйлықтармен марапаттады!