Yessenov University – де профессор- оқытушылар құрамы Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы Н. Т. Мұқатаймен кездесті

23 желтоқсан күні Yessenov University – де профессор- оқытушылар құрамы Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы Н. Т. Мұқатаймен кездесті. Кездесу барысында Нұргүл Тұрлыбайқызы қызметкерлерді 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасымен таныстырып талқылау жасады. Жиын соңында оқытушылар сұрақ қойып тұшымды жауаптарын алды.