Ағымдағы жылдың 7-ақпанында Үздіксіз білім беру институтында «Күміс университеті» жобасы аясында егде жастағы азаматтарға арналған гид-экскурсоводтарды дайындау бойынша біріктірілген туристік курс басталды.
Курстың мақсаты – Маңғыстау облысының киелі, қасиетті орындары мен табиғи сұлулығы бойынша туризм бағытын дамыту және насихаттау.
«Күміс университетінің» бірінші курсы модульдік жүйе бойынша оқытылады және экскурсиялық шеберлік, Маңғыстаудың тарихи-мәдени көрікті жерлерін түсіну, компьютерлік сауаттылық және ағылшын тілі негіздерін қамтиды.
Жаңа білім алу, өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін ашу үшін талғампаз жастағы 50-ден астам тыңдаушы қатысты.
Өз ісінің жоғары білікті шеберлері, профессорлар, ғылым кандидаттары өңірдің қасиетті орындары, табиғаты, бірегей тұрмыс пен ғасырлық дәстүрлер туралы білімдерімен, сондай-ақ заманауи инновациялық технологияларда тілдік дағдыларды пайдалана отырып, пайдаланушылық аспектімен бөліседі.
«Киелі Маңғыстау» модулі бойынша сабақтарды филология ғылымдарының докторы, «Туризм және тілдер» факультетінің «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Нурдаулетова Бибайша Ильясовна өткізді. «Экскурсоведение» модулі бойынша білімдерін география ғылымдарының магистрі, «Туризм және тілдер» факультетінің «Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының аға оқытушысы Низаматдинова Жұлдыз Скаховна жүргізді.
Тренерлер талғампаз жастағы тыңдаушыларды экскурсияны дайындау және өткізу әдістемелері, экскурсиялық маршрут пен экскурсоводтың портфолиосын жасау, Маңғыстаудың киелі орындары мен этнографиясы туралы материлдармен таныстырды. Курс барысында тығдаушылар үлестірме материалдармен жұмыс істеді, деректі фильмдер-презентацияларды талқылады және орындалған тапсырмаларын көрсетті.
Үш айлық курстар аяқталғаннан кейін күміс жастағы тыңдаушылар сертификаттар алады.
Алдағы уақытта күміс университеті Маңғыстау облысының туризм басқармасымен жұмыс қатынастарын құрумен іскерлік ынтымақтастықты жоспарлап отыр.