Student Chess Cup 2024

3 ақпан күні Ақтауда қаланың оқу орындарының студенттері арасында шахматтан “Student Chess Cup 2024” ашық турнирі өтті.

Турнир қорытындысы бойынша Yessenov University Теңіз Академиясының 5 курс студенті Төлеген Нұрасыл жүлделі 2 орынға ие болды, ал Yessenov University «Инжиниринг» факультетінің 2 курс білім алушысы Казбеков Ысықбек бас жүлдені жеңіп алды!

Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз және оларға барлық бастамаларында табыс тілейміз!