14 қыркүйек күні Еуропалық Одақ, АҚШ, Ұлыбритания елшілері мен өкілдерінің делегациясы Маңғыстау облысына келген сапарында Yessenov University шаңырағында қонақ болды.
Білім ордасының болашаққа бағдарымен танысуға келген қонақтар алдымен Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтының жұмысымен танысты.
Содан соң университеттің бас корпусында кампус-тур ұйымдастырылып, Yessenov University Президенті Берік Ахметов болашақ жоғары оқу орнының білім жүйесі, стратегиясы, жоспарлары туралы презентацияны ұсынды.
Кездесу еркін форматта өтті, түрлі сұрақтар қойылып, толық жауаптар алынды.