XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының «Жыршы» номинациясының жеңімпаздары

26 наурыз күні Алматы қаласы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ұйымдастыруымен өткен XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасында «Жыршылар» номинациясы бойынша Yessenov University «Туризм және тілдер» факультеті «Дәстүрлі музыка өнері» білім беру бағдарламасының студенттері Теңел Қайырбек 1-орын, Жолдас Қуаныш 3-орын иегерлері атанды.

Сонымен қоса, «Дәстүрлі музыка өнері» білім беру бағдарламасының оқытушысы Ақмарал Ерімбетова «Жыршылар» номинациясы бойынша лауреат дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.