XII жазғы Универсиада кестесіндегі жеңіл атлетика жарыстары басталды!

Кеше Универсиадаға қатысушы командалар толық келіп, мандаттық комиссия мен төрешілер отырыс өткізді.
 
Бүгін жеңіл атлетика жарыстарының салтанатты ашылу рәсімінде алдымен командалар таныстырылды.
Yessenov University вице-президенті Ержан Маханбет және әр университет атынан келген жаттықтырушылар сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
 
Таңертең басталған жарыстарда жеңіл атлеттер қашықтыққа жүгіру, биіктікке секіру, шарбалға (молот) лақтыру, ядро итеру, эстафета сияқты спорт түрлерінен сайысқа түсіп жатыр.
 
Ертең:
қашықтыққа жүгіру
үш қарғып секіру
найза лақтыру
диск лақтыру
эстафета
сынақтары өтеді.
 
Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!