“Jas kasipker-2023” республикалық стартап жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгін Yessenov University қабырғасында Каспий кәсіпкерлік орталығы ұйымдастырған университеттің білім беру грантына арналған «Jas kasipker-2023» республикалық стартап жобалар байқауының шешуші сәттегі қорғауы өтті.
 
Байқаудың соңғы күнін «Бизнес және құқық» факультетінің деканы Айжан Омарова ашып берді. Ол құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға болашақта өз жобаларын жүзеге асыруды, өз ісінде кәсіби болуын тіледі.
Сарапшы қазылар алқасына IT, туризм, білім, медицина сияқты салалардың макеттері бар бизнес жобалар таныстырылды.
 
Жоба жеңімпаздары:
1-орын – Наурыз Шолпан «Қой жүнін өңдеу» жобасы (Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылы №2 жалпы білім беретін мектеп) – 100% жеңілдік;
2-орын – Бисенбаева Гүлсінай «TARТU» логопедиялық кабинеті жобасы (Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі) – 75% жеңілдік;
Нукер Анар «Құтқарушы робот» жобасы (Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылы №2 жалпы білім беретін мектеп) – 75% жеңілдік;
3-орын – Ещанова Меруерт “Uaiym” жобасы (Қандыағаш қаласының №5 жалпы білім беретін мектебі, Ақтөбе облысы) және Оңайбекқызы Қарақат «Қоқыстан табысқа жету жолдары» жобасы (№1 мектеп-лицей Түпқараған ауданы) – 50% жеңілдікке ие болды.
 
Жобаға қатысушылардың бизнес жлбасымен танысып, талқылаған қазылар алқасы:

  1. Мәжтай А. – Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркінің аймақтық өкілі;
  2. Жармухамедов Д.Г. – Халықаралық интернет-клубтар желісінің иесі;
  3. Урисбаев А.Ж. – Ақтау қаласы «ForteBank» АҚ филиалының директоры;
  4. Курбанбаев У.О. – «Mediana Services Limited» ЖШС директоры;
  5. Естурлиева А.И. – «Экономика» кафедрасының меңгерушісі.