Вакцинаның құрылымы тақырыбында кездесу

22 қазан күні Yessenov University Еркемед медициналық клиникасының дәрігерлерінің қатысуымен Гам-Ковид-Вак вакцинасының құрылымы (Спутник V) тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. 

Сұхбат алаңына бас дәрігер Серік Қасым Төреханұлы және аудит-эпидемолог  Теміртасов Алмас Нұртазаұлы және университет оқытушылар құрамы мен студентер қатысты. 

Түсіндірме жұмыс барысында вакцинаның адам денсаулығына тигізетін әсері, оның түрлері, биологиялық құрамы және пайдасы туралы ақпараттармен бөлісті. 

Кездесу барысында дәрігерлер арнайы оқу аудиторияларға кіріп түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, вакцина туралы ақпарат парақтарын таратты.

  Арнайы дәрістен кейін білімгерлер өз сұрақтарына жауап алып, еркін форматта пікірлесті.