Union Президентіне сайлаудың пікірсайыс кезеңі

Yessenov University-де Union Жоғары студенттер кеңесінің президенттігіне сайлаудың үшінші пікірсайыс кезеңі өтті. 

Union Жоғары студенттер кеңесінің президенттігіне сайлау 2019 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.  Yessenov University жанындағы Union Жоғары студенттер кеңесі тәрбие жұмысының стратегиясы жоғары оқу орнының студенттің тұлға ретінде қалыптасу үдерісіне белсенді қатысуына бағытталған.

Сайлау 3 кезеңнен тұрады. 1-кезеңде кеңес президенттігіне үміткерлерге толық ақпарат жарияланады. 2-кезеңде презентация арқылы таныстыру жүргізіледі (өзі туралы толық ақпарат, университетіміздің және білімгерлеріміздің өмірін жақсы жаққа жақсартуға арналған идеялары); 3-кезеңде пікірсайыс (дебат) өтіп, содан соң сайлау болады.

Осыған сай, 3 наурызда сайлаудың үшінші кезеңі өтіп, нәтижесінде:

1 орын- Топарова Айиша , Анесова Камила

2 орын- Жұмажан Диас, Аязбай Ербол

3 орын- Сәтжан Данияр, Бермағанбет Ақжарқын иеленді.

Үміткерлерге сәттілік тілейміз! Студенттерді үгіт-насихат жұмыстарына белсене ат салысуға шақырамыз!