Ұлы Тұлға Сұлтан Сартаев

Yessenov University «Бизнес және құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, еліміздегі Конституцияның негізін қалаушы, Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, заң ғылымының докторы, профессор Сартаев Сұлтан Сартайұлына арналған «Ұлы Тұлға Сұлтан Сартаев» атты шара өтті.  

Шараның мақсаты: Қазақстанның заң ғылымы тарихында жарқын ізін қалдырған көрнекті ғалымның өмірбаяны мен жетістіктерін еске алып, Саяси-құқықтық бағасын талдау, егеменді және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына негіз болған академик С.Сартаев еңбектерінің ғылыми маңызды тұстарымен тереңірек танысу.