Yessenov University Каспий кәсіпкерлік орталығы Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 30-дан аса елдің 200-ден астам ЖОО қатысқан байқауда «Жылдың инновациялық және ынтымақтастық кеңістігі» номинациясы бойынша үздік 5 финалистерінің қатарына енді.

2020 жылы Индия еліндегі Кочи қаласында өтіп жатқан Халықаралық Triple E Awards Entrepreneurship and Engagement Excellence Awards (жоғары білім беру саласындағы Кәсіпкерлік және үздік жетістіктер) атты конференцияда Yessenov University Каспий кәсіпкерлік орталығы Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 30-дан аса елдің 200-ден астам ЖОО қатысқан байқауда «Жылдың инновациялық және ынтымақтастық кеңістігі» номинациясы бойынша үздік 5 финалистерінің қатарына енді, сонымен қатар Yessenov University алғаш болып Қазақстан атынан қоғамды кәсіпкерлікке баулудағы тартымды инициатива танытқаны үшін «Community Engagement Iinitiative of the Year» номинациясы бойынша 1-ші орынды иеленді.
Сонымен қатар Есенов университетінің Ғылыми жұмыс және интернационалдандыру проректоры Ермек Талантұлы Нұрмағанбет конференция барысында бірнеше университеттермен, соның ішінде University of Wisconsin – Parkside (АҚШ), Management and Science University (Малайзия) және Mahatma Gandhi University (Индия) ғылым мен білімді бірлесіп дамыту бойынша келіссөздер жүргізді.
Үнді елінен Есенов университетіне 2000 жуық студенттер келіп оқуға ниеттерін білдірді.

Қазақстан атынан қоғамды кәсіпкерлікке баулудағы тартымды инициатива танытқаны үшін «Community Engagement Iinitiative of the Year» номинациясы бойынша 1-ші орынды иеленді.

Келесі нені оқу керек: