Yessenov University-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұловпен студенттердің кездесу өтті.
Кездесуде Тоқтамыс Қадошұлы жиналған студенттерге өңірде жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жобасын жүзеге асыру мақсатында арнайы жол картасы бекітілгені жөнінде ақпараттар айтып, осы жылдың 31 қазан айына дейін эссе жазып, комиссияға өтініш білдіруге болатынын жеткізді.
Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасынан тұщымды жауаптар алынды.